«Қайрат» - «Дина»: ойын алдында
2016/17 жылғы Еременко кубогындағы «Қайраттың» алғашқы қарсыласы «Дина» командасы болмақ. Кездесу Астана уақытымен 22:00 де басталады.
«Дина» командасымен ойын «Қайрат» үшін таңсық емес. 2014/15-ші маусымдағы "Төртеудің финалында" «Кайрат» дәл осы «Динаны» ұтып, финалға шыққан болатын. 7:4 есебі тіркелген ойындағы Леоның покерін жанкүйерлер әлі ұмыта қоймаған болар. Бүгін де қазақ футзалының көшбасшысы «Қайрат» екі жыл бұрынғыдай әдемі ойын көрсетіп, жеңіске жетеді деп үміттенеміз.
Жалпы алғанда «Қайраттың» ресейлік командаларға қарсы реми ойындардағы көрсеткіші: 17 ойын, 6 жеңіс, 3 тең есеп, 8 жеңіліс.
А тобы, 1-ші тур. «Қайрат» - «Дина»<br />21 ақпан, 22:00. Троицк, «Квант» СС
Командалар құрамы:
«Қайрат»: Игита, Ронкальо, Дуглас, Игор, Сүлейменов, Першин, Есенаманов, Тайеби, Дрот, Эвертон, Кабреува, Дуглас Нуньес, Диваней, Алешандре
«Дина»: Зуев, Иваняк, Цайдер, Разоренов, Асадов, Багиров, Заболонков, Крутый, Кутузов, Ниязов, Понкратов, Прудников, Хамадиев, Чистополов, Абрамов, Эскердинья