Қайрат Оразбеков: «Мәртебемізді қорғап қалғымыз келеді»
Еременко кубогының екі дүркін жеңімпазы «Қайрат» клубының президенті Қайрат Оразбеков 4-ші халықаралық турнирдің қарсаңындағы әсерімен бөлісті. <br /><br />
Айта кетейік, 21-ші ақпан күні алматылықтар «А» тобында «Дина» клубымен, ал 23 күні минскілік «Столицамен» кездеседі. <br /><br />
- Жақын досымды еске алу осындай тамаша турнирде мәңгілік жалғасын тапқанына шын жүректен бақыттымын. Бүгінгі күнде бұл жарысқа төрт елдің мықты ұжымдары жиналды. Жыл сайын жаңа командалардың осы жарысқа ат салысуы мені қуантты. Солардың бірі ұлы Константин Еременконың әйгілі «Дина» клубы. Футзал сүйер қауымды қуантар тартысты ойынды асыға күтудемін. Былтыр «Қайрат» қиын әрі тартысты бәсекеде осы жарыстың жеңімпазы атанды. Әрине, осы мәртебемізді қорғап қалғымыз келеді. Алайда, бұл жайында басқа командалардың ойы өзгеше екеніне күмәнім жоқ.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или