Георгий Сомхишвили: ««Қайрат» - әлемдегі үздік командалардың бірі»
Ресейлік КПРФ шағын-футбол клубының капитаны Георгий Сомхишвили Еременко кубогы жайлы пікір білдірді. Бұл оның мансабындағы алғашқы халықаралық турнир болмақ.
- Біз турнирды асыға күтеміз. Себебі, бұл - біздің команданың алғашқы халықаралық жарысы, сонымен қатар жарыс ұлы футзалшы Константин Еременконың есімімен аталады. Менің ойынша, турнир біз үшін Ресей кубогымен пара-пар деңгейде. Осындай жарысқа қатысатынымызға қуаныштымыз.
- КПРФ МФК ойындарын өткізетін Климовскке бірнеше мықты командалар келеді.
- «Динаны» бәрі көрген және бәрі біледі. Олар осы жылы жақсы ойын көрсетуде және олар турнирдың басты фавориттерінің бірі. «Қайрат» - УЕФА кубогының екі дүркін жеңімпазы, әлемдегі ең үздік командалардың бірі деп ойлаймын. Олардың төртке бес ойыны мен ойыншыға айнала алатын қақпашысы олардың ойынөрнегіне ерекшелік береді деп ойлаймын. «Сибиряк» - Суперлигадағы көшбасшлы командалардың бірі. «Столица» ресейлік клубтардан деңгейі төменірек. Ал, «Никарс» жайлы көп нәрсе білмеймін. Турнир қызықты болмақ!