Сұлтанмұрат Миралиев Индияда топ жарды
Қазақстандық велошабандоз Сұлтанмұрат Миралиев Азия чемпионатының топ жарды, деп хабарлайды sportingindia.com сайты.
Аталмыш жарыс Үндістанның Нью-Дели қаласында өткен болатын. Жерлесіміз бұл велододада керемет нәтиже көрсетті. Төрт сайыста да Сұлтанмұрат үздік бестікке енді: 10 шақырымдық скретч, 10 шақырымдық темпо рейс, жарыс жолынан шығып қалу сайысы, 25 шақырымдық ұпай жинау сайысы. Жалпы төрт сайыстың қорытындысы бойынша отандасымыз 132 ұпай жинап, жеңімпаз атанды.
Айта кетейік, өткен жылы Миралиев Голландия жолдарында өткен Әлем кубогының кезеңінде қола медаль иеленген.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или