Қазақстан Беларусь құрамасынан есесін қайтарды
Футзалдан Қазақстан құрамасы Беларусь командасына қарсы екінші жолдастық кездесуін өткізді.
Бірінші ойында жеңіліс тапқан алаң қожайындары қарымта кездесуге есе қайтару үшін шықты. Алесионың шәкірттері көздеген мақсаттарына жетті. Қазақстан құрамасы Беларусь қақпасына үш жауапсыз гол соғып, қарсыласына еш мүмкіндік бермеді. Ойынның 8-ші минутында Михаил Першин қақпашымен бірге-бір шығып, Головневтен айласын асырды - 1:0. Араға алтын минут салып жас футзалшы Біржан Оразов Сүлейменовтың әдемі пасынан есепті еселеді. Ал матчтың соңғы минутында Жаманқұлов нәтижені қорытындылады.
Қазақстан 3:0 Беларусь
Голдар: Першин 8, Оразов 14, Жаманқұлов 40
Қазақстан: Гуров, Шамро – Кнауб, Жаманқұлов, Сүлейменов (к), Довгань, Есенаманов, Першин, Таку, Дуглас, Солуменко, Рындин, Төреғазин, Ақбалықов, Оразов
Беларусь: Головнев, Чурилин – Гусаков, Крыкун, Алейников, Лазюк, Ольшевский, Силивончик, Черник (к), Раговик, Лось, Гончаров, Селюк, Матвеенко
Төрешілер: Қосмұхамбетов, Абраев (екеуіде – Қазақстан)
7 ақпан 2017 ж. Алматы қ. «Зенит» СК. 700 жанкүйер.