Боксшы қыздар Швецияда 11 медаль алды
Швецияның Бурос қаласында өтіп жатқан Golden Girl турниры - әйелдер боксы бойынша әлемдегі ең маңызды жарыстардың бірі, деп жазады ҚБФ баспасөз қызметі.
Осы жылы қазақстандық боксшылар турнирге алғаш рет қатысып, жарысты сәтті аяқтады десек болар. 22 елден келген 254 спортшының арасында біздің қыздар 3 алтын, 2 күміс және 6 қола медаль алды. Отандастарымызға Олимпиада чемпионы және Олимпиадалық дайындық орталығының басшысы Ермахан Ибраимов жетекшілік еткен.
<br />Golden Girl турнирының алғашқы алтынын 80 келіде шаршы алаңға шыққан 15 жасар Эльдана Талипова алды. Надежда Рябец 69 келіде қарсылас шыдатпаса, Гузаля Садықова 15 келіде үшінші алтынға қол жеткізді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или