Григорий Шамро: «Қарымта матчта Беларусь құрамасын жеңеміз»

Григорий Шамро: «Қарымта матчта Беларусь құрамасын жеңеміз»

Футзалдан Қазақстан құрамасының қақпашысы Григорий Шамро Беларусь құрамасымен болған ойын жайлы пікір білдірді.

 

- Ойынның екі таймы екі түрлі болған сияқты…

- Ойын солай өрбіді. Беларусь құрамасында тәжірейбелі, бір-бірімен ұзақ уақыт бойы бірге ойнап жүрген ойыншылар бар. Олар бізді жарты алаңнан күтіп алып, қателіксіз ойнады. Біз де өз комбинацияларымызды ойнатуға тырыстық. Екінші таймда басымдықты толықтай өз қолымызға алдық. Бірақ, егер сен гол соқпасаң, саған гол соғады деген қағида бар. Ойынды талдап, шешім шағарамыз. Жеңіске жеткізіміз келді. Жас футзалшыларды да ойнатып көрдік.

 

-Бәрі бір-біріңмен дұрыс түсінісіп үлгермегендіктен болды ма?

- Жоқ. Бірге едәуір уақыт ойнадық. Бірнеше ойыншылардан бөлек, команданың негізгі ойыншалары сақталды. Кейбіреуі жарақатына байланысты көмектесе алмады. Бұл жастарға берілген мүмкіндік деп түсінуіміз керек. Жеңіске жеткіміз келген. Сондықтан да ойынға көңіліміз толмайды.

 

- Қарымта ойында жеңіске жетеміз бе?

- Иә, әрине!

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или