Павел Таку: «Бізге шабуылдаушы ойын көрсететін тапсырма қойылмады. Сол себепті аз гол соғылды »

Павел Таку: «Бізге шабуылдаушы ойын көрсететін тапсырма қойылмады. Сол себепті аз гол соғылды »

Футзалдан Қазақстан құрамасының ойыншысы Павел Таку, Беларусь құрамасымен болған ойын жайлы пікір білдірді. Естеріңізге сала кетейін, сол матчта отандастарымыз минималды есеппен ұтылып қалған болатын.  

- Павел, бүгін біз қолда бар мүмкіндіктерді дұрыс пайдалана алмадық. Ал, қарсылас бір ғана мүмкіндікті қалт жібермеді. Есеп ойын барысының нақты көрсеткіші деп айта аламыз ба?

- Мен олай айтпас едім. Әрине, гол аз болды. Ойын жабық өтті деуге болады. Біз де, олар да қателік жібергіміз келмеді. Олардан прессинг күттік. Бапкердің айтқанын істеуге тырыстық. Біз шабуылдаушы ойын көрсетпедік. Сондықтан да аз гол соғызды. Басқа сұрақтар бапкерге қойылуы керек. Ол ойынды талдап, қателіктерімізді көрсетеді. Әрине, қандай ойын болмасын, мүмкіндік құр жібермей, гол соғылуы тиіс. 

- Гол соғатын мүмкіндіктердің орындалмауының артында не жатыр? Психологиялық мәселе ме немесе сәттілік жетіспеді ме?

- Бұған әртүрлі мәселелер себеп болды. Бірде сәттілік жетіспесе, бірде қақпашы жақсы ойнады. Қақпаға гол соғатын 100 пайыздық мүмкіндік болды деп айта алмайдым. Келесі ойында бәрі жақсарып, біз жеңіске жетеміз деп ойлаймын.

Еске салайын, Белорусь құрамасымен келесі ойын 8-ші ақпанда, «Бағанашыл» кешенінде Астана уақытмен сағат 19:00-де басталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или