Еременко кубогының жеребесі тартылады

Еременко кубогының жеребесі тартылады
Бүгін Ресейдің шағын-футбол асоциациясының офисінде IV Еременко кубогы топтық кезінің жеребесі тартылады.

Бұл шараны біздің сайттан сағат 18:00-де тікелей эфирден көре аласыздар.
Жарыстың екі дүркін жеңімпазы (2014, 2016) «Қайрат» АФК осы бәсекеде төртінші рет өнер көрсетеді. «Қайраттан» бөлек аталмыш турнирде үш ресейлік клуб өнер көрстеді: «Сибиряк» (Новосибирск), «Дина» (Мәскеу), КПРФ (Мәскеу), және де ригалық «Никарс» (Латвия) мен минскілік клуб «Столица» (Беларусь). Бірінші кезеңде командалар үш-үштен екі топқа бөлінеді. Топта бірінші екінші орын алған командалар жартылай финалда өнер көрсетеді. Ал үшінші орын алған командалар 5-ші орын үшін таласады.

Жеребе үш кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде командалар «А» мен «В»  және турнир дебютанттары болып үш себетке бөлінеді:
1 себет: «Дина» (Ресей), КПРФ (Ресей) – турнир иелері;
2 себет:«Кайрат» (Қазақстан), «Никарс» (Латвия) – Барлық Еременко кубогының қатысушысы және УЕФА кубогының тұрақты қатысушысы;
3 себет: «Сибиряк» (Ресей), «Столица» (Беларусь) –  Еременко кубогының дебютанттары.

Екінші кезеңде топтағы командаларға реттік нөмір беріледі.  Сол реттік нөмірлер арқылы топтық кезеңдегі ойындар күнтізбесі анықталады.

Айта кетейік, IV Еременко кубогы 21 - 25 ақпан аралығында Троицк және Климовск қаласының «Квант» және «Юность» спорт орталықтарының алаңдарында өтеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или