Қазақстандық төреші Черногория мен Швеция арасындағы матчта қызмет етті
32 жастағы қостанайлық төреші Талғат Қосмұхамбетов Черногория мен Швеция арасындағы матчтың бас төрешісі болып қызмет атқарды.
Гибралтарда Еуропа чемпионатының алдын-ала кезеңіндегі G тобындағы матчтар басталды. Бірінші ойын күні қазақстандық төреші Гибралтар - Черногория матчының қосалқы төрешісі болған. Екінші ойын күні Қосмұхамбетов Черногория - Швеция матчында қазылық етті.
Естеріңізге сала кетейін, Талғат Қосмұхамбетов 2015/16 жылғы маусымда Қазақстанның үздік төрешісі атанған болатын.
Дереккөз: afrk.kz
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или