Нето жарақатына байланысты Бразилия құрамасына көмектесе алмайды
«Қайрат» футзал клубының ойыншысы Нето жарақатына байланысты Бразилия құрамасына көмектесе алмайды.
Каталонияға қарсы ойынға шақырту алған тәжірибелі бразилиялық футзалшы жарақатына байланысты Ұлттық құрамаға бара алмады. Нето ел чемпионатындағы «Қайраттың» СДЮШОР №7 командасына қарсы ойынға да қатыспаған болатын.
Естеріңізге сала кетсек, Нето Бразилия құрамасы сапында 2012-ші жылы әлем чемпионатын жеңді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или