Салыстырма: Футбол ма, футзал ма?

Салыстырма: Футбол ма, футзал ма?
Бұл жазбаның мақсаты - клубтық деңгейде футбол мен футзалдың қаржы қорын салыстыру. 
 
 

Жалақылардың есеп-қисабы әлемдегі көптеген клубтардың бюджетін жұқартады. ҚПЛ-да да сол мәселе. Ойыншылар мен қызметкерлерге берілетін жалақы жылдық қаржы сомасының 80%-на дейін жетеді. Футбол құрылымның қаржылық жағдайы дұрыс екенін мына нәрсе білдіреді: жылдық қордан жалақыға бөлінетін сома 60%-дан көп болмаса, бұл – жақсы көрсеткіш. Ақшаның көп бөлігі жастар футболы мен спорттық құрылымның дамуына, бапкерлер мен техникалық қызметкерлердің деңгейін өсіруге, сонымен қатар маркетинг пен клубтық комерциялық брендтің дамуына кетуі – сауатты менеджментті аңғартады.  

 

Кәсіпқой клубтың қаржылық құрлымы:

 

Шығын

 

жалақы: ойыншылар, клуб қызметкерлері

команданың жүріп-тұруы мен жол шығыны

жаттығу жиындары

трансферлер

жастар секторы

инфраструктура

жарнама

технологиялар

 

Кіріс

 

комерциялық құқықтың орындалуы: демеушілермен келісімшарт, матчтарды көрсету құқығын сату

трансферлер

абаномент пен билет сату

клубтық өнімді сату (мерчандайзинг)

матч-дэй (ақылы тамақтандыру, клуб өнімін жанкүйерлерге сату)

халықаралық турнирге қатысқаны үшін ақша алу (Еурокубоктар)

жанкүйерлік ақша беру жүйесі (жанкүйерлермен кері байланыс, преференция мен арнайы ұсыныстар)

 

Қазақстандық футбол және футзал клубтары

қаржылық қиындықтарға тап болуы тек қана басшылардың кінәсінен емес. Дегенмен, отандық спорт нарығы жылдан-жылға өсіп келеді. Клубтардың комерциялық кірісі әлі де жақсы деңгейге көтерілді деп айтуға келмейді: матчтарды көрсету құқығын сату ең аз қаржы қоры бар клубтың жылдық қорының 10% бөлігіне ғана жетеді, демеушілік келісім басшылардың жеке таныстығына тәуелді. Футболдық өнімді сату жүйесі өзгеріске ұшырауы тиіс. Жанкүйерлердің көптігіне қарамастан, футболдық өнімнің аз сатылуы спорттық жобалардың көп нәрсені жақсарту керектігін білдіреді: клубтардың жанкүйерлермен жұмыс істеуі, үнемі қарым-қатынаста болып, жанкүйерлер базасының көбейюі, матч күні көрсетілетін қызметтің сапасын арттыру, стадиондағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сонымен қатар балалар және жасөспірімдер секторын дамыту, Академия тұрғызу, сонда оқитындарға шәкіртақы белгілеп, жоғары деңгейлі бапкерлер мен скауттарды шақырту. Бұның бәрі - футзал мен футболдың жоғары деңгейге шығуы үшін жасалатын жүйенің бөлігі. Қазір футбол мен футзал клубтарының қаржы қорын қарап көрейік.

 
 
 
 
* бұл жерде бейресми ақпарат көзінен алынған дәйектер көрсетіледі; аз-маз қате кетуі мүмкін.
 
d8e797f6dad9349d7dd19b3fe3fa0655.jpg
 

Футбол клубы

2016 маусым

 

жылдық қаржы қоры: 2 000 000 000 теңге

 

жалақы қоры: 1 500 000 000 тенге (ойыншылардың сыйақысы мен клубтың техникалық қызметкерлері мен мененджерлеріне берілетін ақшаны қосқанда)

 

көлік пен ұйымдастырушылыққа кететін ақша: 150 000 000 теңге (18 сырт алаңдағы+2 кубкоктық матч және командалық жиындар)

 

жастар секторы мен клубтық Академияға: 50 000 000 теңге

 

құрылымның дамуына: 50 000 000 теңге

 

брендтің дамуы мен жарнамасына: 50 000 000 теңге

 

өзге шығындар: 200 000 000 теңге (спорттық киім, медициналық қызмет, ойыншыларды сақтандыру, тамақ, салық)

 

 

 

Құрылымдық жүйе

 

футбол стадионын салу: 10 000 000 000 теңге

клуб базасын салу: 3 000 000 000 теңге

балалар Академиясын салу: 1 000 000 000 теңге

 

 

Ойыншылардың жалақысы

 

легионер/қазақстандық

жалақы: 8млн./3млн.

сыйақы: -

 

 
 
 
d37073f2a8ccf43ceabd7a2ca869e428.jpg
 

Футзал клубы

2016 маусым

 

жылдық қаржы қоры: 200 000 000 теңге

 

жалақы қоры: 130 000 000 теңге

 

көлік және ұйымдастырушылық шығын: 30 000 000 теңге

 

клубтық Академия мен жастар секторының шығыны: 20 000 000 теңге

 

құрылымның дамуына: -

 

брендтің дамуы мен жарнамаға: 10 000 000 теңге

 

өзге шығындар: 10 000 000 теңге

 

 

Ойыншылардың жалақысы

 

легионер/қазақстандық

жалақы: 1.5млн/0.5млн

сыйақы: -

 

 

Құрылымдық жүйені құру

 

футзал аренасын тұрғызу: 1 000 000 000 теңге

клуб базасын салу: 350 000 000 тенге

балалар Академиясын салу: 150 000 000 теңге

 
67dab25a3fd19e4d067088d21a6c921a.jpg
 

Қазақстандағы және әлемдегі адамдардың футбол мен футзалға қызығушылық мөлшері бір болғанымен, қаржылық қатынасы әртүрлі. Оған логикалық түсіндірмелер де бар. Футбол - клуб құрылымын дамыту мен футболшылардың жалақысы үнемі өсіп отыруына байланысты шығынға батыратын спорт түрі. Футзал - көп қаржыны қажет етпейді. Қазақстанда спортқа қызығатын адамдардың көп бөлігі футзалды таңдайды. 

 
e84728c754aa4610e4221f43b835b751.jpg
 

Осы күнге дейін көптеген қазақстандық қалалар мен аймақтарда кәсіпқой футзал клубының жоқтығы ақылға қонбайды. Футбол мен футзал бірге дамиды. Көптеген елдер осыны алға қойып, жүйені дамытуды қолға алған. Қазақстанда кәсіпқой футзалға көп көңіл бөлінбейді және елдің климаттық ерекшелігі негізге алынбайды. Әуесқой футзал командаларының саны 3000-нан асып түсті, ал футбол командаларының саны 500 ғана. Егер Қазақстанның барлық футбол командалары футзал клубтарын қосса, онда біз кем дегенде 18 кәсіпқой футзал командасын алып, қызықты чемпионат көруімізге болады. Қазақстан чемпионатының деңгейі екі-үш жылда Испания чемионатымен теңесетін еді. Алматылық «Қайрат» бірнеше жылдар бойы еуропалық клубтар рейтингісінде бірінші орында келеді. Ал Қазақстан құрамасы Еуропаның үздіктерінің қатарында тоғызыншы орында тұр. Қазақстан бірнеше жылдарда осы спорт түрінен алдыңғы қатардан табылуы әбден мүмкін. Ал футболға бұл тек жағымды әсер етеді. 



 
31cb68ff89ad1ea522911671e3c2cd20.jpg
 
ҚР футбол сүйер 100% адамның ішінде 80% футзал ойнаған. Стандартты алаңда және ереже бойынша футболды тек 20% адам ойнаған.
 
a8ce5f1fff90bbf92380f1311fd7ada3.jpg
 
Бәрі бала кезден басталады
 
45475a95083b58679b8da4640981e570.jpg
 
Жанкүйерлер мемлекеттің футзал мен кәсіпқой футзал лигасына қолдауын күтеді. Футзалдағы ірі командаларға қарсы «Қайрат» АФК мен Қазақстан құрамасы қарсылық көрсете алатынын көрсетті. Сондықтан да, футзалдың дамуына қолдау көрсетіп, Испания мен Ресейді озуға мүмкіндігіміз мол. Қазақстанда бұны жасау үшін бәрі бар. 

 
6923273734e6acba858980846208b998.jpg
 
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или