«Интер Мовистар» «Атлетиконың» құрамына кіреді

«Интер Мовистар»  «Атлетиконың» құрамына кіреді

Испанияның ең танымал футзал клубының бірі мадридтық «Атлетико» футбол клубының құрамына кіреді.  

Испаниялық БАҚ-тардың хабарлауынша, «Интер Мовистар» мен «Атлетико» арасындағы келіссөз соңына жетуге дайын. Екеуінің қослуы жайлы осы маусымның соңында жариялануы тиіс. 

Radio Marca берген ақпаратқа сүйенсек, «Атлетико» футзалға ден қойып, клубтың танымалдылығын осы спорт арқылы арттыруды көздеп отыр.   

Естеріңізге сала кетейін, «Интер Мовистар» - Испанияның 20 дүркін чемпионы және УЕФА кубогының үш дүркін иегері. Осы маусымда испаниялық клуб тағы да УЕФА кубогының төрттік финалына шыққан болатын. Айта кетейік, төрттік финал Алматыда өтеді. Сонмыен қатар, «Қайрат» АФК Алматыдағы турнирге қатысады.

Тағы айта кетейік, команданың аты да өзгеруі мүмкін. Дегенмен, «Интер» өз тарихында тоғыз рет атын өзгерткен болатын. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или