Қазақстан құрамасының Белорусь құрамасына қарсы ойнайтын құрамы анықталды
Футзалдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Жозе Алесио Да Силва Белорусь құрамасына қарсы жолдастық кездесуге қатысатын құрамды жариялады, деп хабарлайды ҚР футзал ассоциациясы.
Ұлттық құрамаға 16 ойыншы шақырылған. Оқу-жаттығу жиыны 1-9 ақпан аралығында өтеді. ОЖЖ аясында Белорусь құрамасына қарсы 6-шы және 8-ші ақпанда Алматыдағы «Зенит» кешенінде екі жолдастық кездесу өтеді. Матч 19:00-де басталмақ.
Айта кету қажет, құрамаға алғаш рет төрт жаңа ойыншы шақыртылды. Олар: Олег Солуменко («Аят»), Ринат Төреғазин мен Альберт Акбаликов («Ақтөбе») және Біржан Оразов («Жетісу»).
Жарақат алуы себепті Николай Пенгрин, Илья Мун мен Дәурен Нұрғожин жарысқа қаыса алмайды. Лео португалиялық «Спортингтің» ресми матчтарына қатысуы тиіс.
Қазақстан құрамасы:
Қақпашылар: Григорий Шамро («Ақтөбе», 45 матч), Игита («Қайрат», 33 матч/4 гол), Александр Гуров («Жетісу», 7).
Алаңдағы ойыншылар: Арнольд Кнауб («Жетісу», 19/4), Серік Жаманқұлов («Қайрат», 39/15), Дінмұхамбет Сүлейменов («Қайрат», 68/12), Александр Довгань («Жетісу», 52/10), Шыңғыс Есенаманов («Қайрат», 44/16), Михаил Першин («Қайрат», 52/10), Павел Таку («Ақтөбе», 40/12), Дуглас («Қайрат», 25/24), Олег Солуменко («Аят», дебютант), Антон Рындин («Аят», 2), Ринат Төреғазин («Ақтөбе», дебютант), Альберт Акбаликов («Ақтөбе», дебютант), Біржан Оразов («Жетісу», дебютант).