Украиналық велошабандоз 32 жасында жүрек талмасынан қайтыс болды

Украиналық велошабандоз 32 жасында жүрек талмасынан қайтыс болды

Украиналық велошабандоз Дмитрий Грабовский 32 жасында жүрек талмасынан қаза тапты.

«Бұның қалай болғанын білмеймін... Дмитрий Грабовский жүрек талмасынан көз жұмды. Не айтарымды да білмеймін. Ұйқыда жатқан секілдімін», — деп жазды спортшы Юрий Левинзон әлеуметтік желідегі парақшасында.

Жасөспірімдер арасында Грабовский екі мәрте Еуропа чемпионатын жеңіп алса, 2005 жылы жастар арасында шосседе әлем чемпионы атанған болатын. 

2007 жылы украиналық жол апатына ұшырап, арқасын жарақаттап алуы себепті мансабын аяқтаған. 

Соңғы жылдары спортшы Израилде тұрып жаттыққан. БАҚ-тың хабарлауынша  Грабовский ішімдікті көп қолданған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или