Қазақстан футзал Ассоциациясы Какауға алғыс айтты

Қазақстан футзал Ассоциациясы Какауға алғыс айтты

Қазақстан футзал Ассоциациясы Ұлттық құраманың бұрынғы бас бапкері Рикардо Камара Собралаға алғыс хат жолдады. 

2013-ші жылы бразилиялық маман Какау Қазақстан құрамасының тізгінін ұстады. Төрт жыл бойы ол Ұлттық құрамамызды баптады. Сол уақыттан бері Қазақстан құрамасы керемет нәтижелерге қол жеткізді. Какауның қол астында отандастарымыз өз тарихында тұңғыш рет Еуропа және Әлем чемпионатының ақтық кезеңіне жолдама алды. ЕУРО-да жерлестеріміз жартылай финалға шығып, тарихи қола жүлдеге ие болды. Әлем біріншігілінде Ұлттық құрамамыз 1/8 финалда азулы Испания құрамасынан жеңіліп қалды.

Какау келгеннен бері Қазақстан құрамасы 39 матч өткізіп, 25 рет жеңіске жетті. 8 кездесу тең аяқталса, 6 ойын жеңілдік. 

Какау бұдан былай «Қайратта» ғана қызмет етеді. Біз болсақ, оған атқарған қызметі үшін рахмет айтып, болашақта көп жеңіс тілейміз.  

Сондай-ақ, Какауоның екі қызметте жұмыс істеуіне қарсы болмаған «Қайраттың» басшылығына да көп алғыс айтамыз.  

Какау Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметіне Жозе Алесио Да Силваны ұсынды. Ол кезінде Әзірбайжан құрамасын бірнеше рет Еуропа чемпионатына шығарған болатын. Алесионың қаншалықты мықты маман екенін біле отырып, біз оны Ұлттық құраманың бас бапкері қызметіне тағайындадық.

Құрметпен,

ҚФА Президенті Лев Ким

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или