Футзалдан Қазақстан құрамасы екі жолдастық матч өткізеді

Футзалдан Қазақстан құрамасы екі жолдастық матч өткізеді

Футзалдан Қазақстан құрамасы Беларусь командасымен екі жолдастық кездесу өткізеді. 

Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіне дайындық барысында Алесионың командасы Беларусь құрамасымен күш сынасады. 

Аталмыш ойындар Алматының «Зенит» («Бағанашыл») спорт кешенінде өтеді. Матчтар ақпанның 6-ы мен 8-не жоспарланған. 

Бұған дейін қос команда екі рет кездескен болатын. 2013-ші жылы Минскте екі ұжым тең тарқасса, бір жылдан кейін Ташкентте Қазақстан Беларусьтан 4:3 есебімен басым түсті. 

b7e4e95d306adf2a3a4d3d041700045b.jpg

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или