Жас футзалшыларымыз халықаралық жарыстарға қатысады
УЕФА жасөспірімдер футзалы мен жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарының іріктеу турниріне дайындық аясында 17 жасқа дейінгі құрамалар арасындағы жолдастық жарыстар ұйымдастырмақ.
Жігіттер арасындағы U-17 командасы Сербия, Ресей және Румыния құрамаларымен бір турнирде бақ сынайды.
Жасөспірімдер U-17
1 турнир (Португалия)
Қатысушылар: Португалия, Италия, Голландия, Испания;
2 турнир (Сербия)
Қатысушылар: Сербия, Ресей, Қазақстан, Румыния;
Турнир 3 (Словения)
Қатысушылар: Словения, Венгрия, Словакия, Украина;
Ал қыздар арасындағы U-17 командасы Италияға барып, турнир қожайындарынан бөлек, Румыния және Ресеймен күш сынасады.
Қыздар U-17
1 турнир (Испания)
Қатысушылар: Испания, Бельгия, Португалия, Украина;
2 турнир (Италия)
Қатысушылар: Италия, Қазақстан, Румыния, Ресей.
Бұл турнирлер 2017 жылдың 2 шілдесіне дейін аяқталуы тиіс. Бірақ өтетін уақыттары әлі келісіліп жатыр.