Какау ұлттық құрамадан кетті

Какау ұлттық құрамадан кетті

45 жастағы бразилиялық маман  тек алматылық «Қайратпен» жұмыс істеуді ұйғарған. Бұл туралы Қазақстан футзал ассоциациясының баспасөз қызметі хабарлады. 

Какау Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметіне 2013 жылдың басында келіп, төрт маусым бойы жұмыс істеді. Оның қол астында ұлттық құрама Еуропа чемпионатының қола жүлдегері атанған болатын. Әлем чемпионатының финалдық кезеңінде отандастарымыз 1/8 финалға дейін жетіп, 11-ші орынға тұрақтаған болатын. Сонымен қатар, ұлттық құрама Өзбекстан мен Таиландтағы халықаралық турнирлардың жеңімпазы атанды.  

Какаудың басшылығымен 39 матч ойналып, 25 рет жеңіске жеткен. 8 ойын тең аяқталса,  6 ойында жеңіліс тапқан. Доп айырмашылығы:  137-69. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или