Трульс Корсет Astana Pro Team командасына ауысты
Astana Pro Team велокомандасы норвегиялық спортшы Трульс Корсетпен екіжылдық келісімшартқа отырды. <br />
23 жастағы велошабандоз бұған дейін Team Joker — Byggtorget командасының намысын қорғаған.
«Әлемдік турда ойнау менің арманым болған. «Астана» командасының арқасында бұл мақсатыма жеттім. Қазақстандық ұжымға ауысқаныма өте қуаныштымын. Алғашқы Әлемдік турымды асыға күтудемін», - деді Трульс Корсет елордалық клубтың ресми сайтына.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или