«Сен тұр, мен атайын». Шағын футболдан неге үлгі алмасқа?

«Сен тұр, мен атайын». Шағын футболдан неге үлгі алмасқа?

Футзалдан УЕФА Кубогының финалында ойнайтын командаларды еске түсіріп, сол финалды өткізуге үміткер болған қалаларды еске алайық: 

Интер Мовистар (Мадрид) 
Спортинг (Лиссабон) 
Газпром-Югра (Югорск; тіркеуде Мәскеу қаласы) 
Қайрат АФК (Алматы) 

Финал Алматыға бұйырды

8ad6fe007675412ccf2f1ff018e7d7b4.jpg

Мынадай айқын дәйекпен келіспеу қиын - Алматы әлем футзалының басты астаналары тізімінде өз орнын нығайтып алды. УЕФА шенеуніктері, Қазақстанға қуана келеді, біздің ел туралы спортшылар мақтау сөздерді ғана айтады, оңтүстік астананың ареналары жоғары дәрежелі турнирлерді өткізуде жоғары ұпай алып жүр, ал қарсылас ойынышылар мен бапкерлер қайраттықтардан жеңіліп қалғанына қарамастан, Алматыдан күліп қайтады. «Алмалы қаланы» Еуропаның футзал ордасы деуге болады - 2017 жылы сәуірде Алматыда өтетін Төрттік финалдан кейін де осы атақ сақталады. Алматылық «Қайрат» ондаған жылдар бойы ең азулы қарсыластарды тізе бүктіріп, Кәрі құрлықта ғана емес, әлем бойынша беделді жарыстарда топ жарып, өз қаласы мен бүкіл Қазақстанға осындай абыройлы атақты алып келді. Қазақстан туралы айтқан кезде халықаралық спорт қоғамы біздің боксты, біздің ауыр атлетиканы есіне алатын, енді бұған біздің футзал да қосылды. Әр уақытта қазақстандық спортшылар медальдар жеңіп алып, елімізге түрлі тосын-сыйлар жасайды. Бірақ отандық футзал бүгінде - еліміздің ең үлкен мақтанышына айналып кетті. Қазақстан құрамасы ЕУРО-2016-да қола медаль алған болатын, футзалшыларымыздың осы турнирде көрсеткен ойынын, жігерін тәуелсіз Қазақстан тарихында ешқандай команда көрсетпеген болар. Мұндай пікірді жанкүйерлердің өздері айтуда. Ширек финалда құрамамыздың қақпашысы қызыл қағаз алмағанда, ЕУРО-да одан да үлкен жетістіктерге қол жеткізер ме едік, кім біледі. 

b49223be42b0a92535a45c086bf0f060.jpg

Әлемнің футзалға қызығушылығын ескерсек, бұл спорт бүгінде қадамдап алға жылжып келеді. УЕФА мен ФИФА аясындағы турнирлерге қатысатын елдер жыл сайын өсіп жатыр. Футзалда ең көп жалақы алатын ойыншы жылына 1 500 000€ табыс көреді. Ең атақты клубтардың көбі өз құрылымына футзал командасын да енгізді - Барселона, Бенфика, Спортинг, Лацио, Наполи, Сантос, Шахтёр, Динамо - тізім өте ұзақ. Өз брендімен футзал командасын ашпағандардың өздері соны жоспарлап жүр. УЕФА қатысушы командаларға беретін сыйақысын жыл сайын көбейтіп жатыр, еуропалық үздік лигалардың футзал матчтарына трансляция құқығын сатып алу бағасы күрт өсіп кетті. Ұлттық біріншіліктің ұйымдастырушыларына да талаптар күшеюде. Әр үш ай сайын Біріккен Еуропалық Футбол Қауымдастығының съездерінде УЕФА Кубогына қатысушылар санын көбейту ұсынылады. Инфрақұрылым бойынша футзал әлемді оңай «жаулап» алуда. 

Футзалдан ҚР чемпионаты - бөлек әңгіме. Еліміздің климаттық ерекшелктері спортты да таңдап ойнауға өз әсерін тигізеді. Мысалы, сёрфинг - біздікі емес. Ал футзал алаңдары кез келген жерде жарамды - жыл сайынғы ойындар мен жаттығу үрдісі, елімізде футзалды жақсы көретіндер саны өте көп, бірақ кәсіпқой жоғары лигамызда командалар өте аз. Жағдайдың жақсаруына үміт бар. Жақсарып та келеді. Ұлттық футзал лигасының кеңеюі мен күшеюі тәуелді болып тұрған адамдар нақты шешім шығара алмай жүргені болмаса. Енді Қазақстан футзал әлемінде өз орнын әлі де мықты нығайта түседі, бұл дегеніміз, елдің спортқа, спортшыларға көп көңіл бөлетінін көрсетеді.

c72cc2e410c1024c0e63aabcc7b5d581.jpg

Футбол мен футзалды ағалы-інілі бауырларға теңеуге болады - Қазақстанда да, әлемде де солай. Бүгінгі жағдайда інісі ғана отанымызға халықаралық жарыстарда табыс әкеліп жүр. Футзал құрамамыздың жетістіктері мен алматылық «Қайраттың» УЕФА Кубогын екі рет жеңіп алуының арқасында Қазақстанның беделі УЕФА-ның алдында өсе түсті. Бұл табысты сақтап қалу керек. УЕФА-дағы футзал шенеуніктері футболдағыдай - екі жақта да Одақ мүшелерінің барлық жетістіктерін ескеріп отырады. Бүгінде футзал Қазақстан үшін үлкен ұпай әкеліп жатыр. Жыл сайын. Өкінішке қарай, футболда бұлай мақтана алмаймыз. «Астана» мен оның былтыр УЕФА Чемпиондар лигасындағы өнері ғана бар, бірақ бұл аздық етеді. Үздіктер қатарында болу үшін, тұрақты нәтиже көрсету керек.

Жаңа айтқан «ініміз» беделді турнирлердің үш кубогын жеңіп алды. Алматыда түрлі халықаралық жарыстар өтуде - 2011 жылы УЕФА кубогының финалы, 2014 жылы Әлем Суперкубогының финалы. Енді 2017 жылы УЕФА кубогының тағы бір финалын қабылдайды. Әлемде осындай финалдарды өткізу үшін кезекте тұрғандар саны өте көп. Мұндай беделді турнир еліміздің абыройы үшін қажет. Әлем назарын біздің елге аударып, оның туристік саласына да үлес қосады. Сол арқылы инфрақұрылым күшейеді, сенім де арта түседі. Ең маңыздысы, осылар. 

585b18efbbcea0232dc879729e852fee.jpg

Футболды алайықшы. Бұрын УЕФА Еуропа лигасының финалын өткізу үшін жанкүйерлеріміз қанша уақыт күтуі керек еді, кем дегенде, 2035 немесе 2046 жылдарға дейін. Бүгін жағдай өзгерді, бірақ жақын арада еліміз футболдан үлкен турнирлерді қабылдамайтыны анық. «Ағадан» қажеттісі біреу-ақ - «інісің» жетістіктеріне салмақты қарау, халықаралық аренада дамуына қолдау көрсету, бірге Қазақстанның атын шығару. 

Қазақстанның барша футзал жанкүйерлері «Қайрат» АФК-ның алдағы УЕФА Кубогы финалында сәтті өнер көрсететініне сенеді. Сол сенімінің ақталатынына да бой үйретіп алған. Енді қазақстандық футболдың атқарушы органдары футзалымыздың құны мен қадірін түсініп, оның дамуына қолдау көрсетеді деп үміттенеміз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или