Еременко кубогы Мәскеуде өтеді
Футзалдан Еременко кубогының өту мерзімі мен орны анықталды.
Аталмыш жарыс ақпанның 20-ы мен 26-ы аралығында, Мәскеу қаласында өтеді. Турнирге қатысатын командалар: «Қайрат» АФК (Қазақстан), «Никарс» (Латвия), «Дина» (Ресей), «Сибиряк» (Ресей), «КПРФ» (Ресей) және «Жетісу» (Қазақстан).
Еременко кубогының өту регламенті өзгермеді. Алты команда екі топқа бөлінеді. Топта бірінші мен екінші орын алған командалар Төрттік финалда өзара мықтыны анықтайды.
Естеріңізге сала кетсек, «Қайрат» футзал клубы - Еременко кубогының екі дүркін иегері.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или