АФК «Кайрат»
Футзал

Серік Жаманқұлов және оның достары Қаратауда өткен жарысқа қатысты

Серік Жаманқұлов және оның достары Қаратауда өткен жарысқа қатысты
news-banner7
mobile-news-top

Қаратау қаласында 3-ші жыл қатарынан «Тараз» футбол клубының футболшылары Ахан Сатылғанов пен Денис Поповты еске алуға арналған жарыс өтті.

Аталмыш турнирге алматылық «Қайрат» футзал клубының ойыншысы Серік Жаманқұлов және оның достары қатысты. Сонымен қатар, «Тараз» клубының жастар құрамы, Тараз және Жаңатас құрамалары, «Достар» командасы, Нұртас Кургулиннің, Бауыржан Исламханның, Әлішер Сүлейдің достарынан құралған командалар бақ сынады.

8aa39071a5b83cd6f7d123cd089b5316.jpg

«Қайрат» футзал клубының ойыншысы Серік Жаманқұловтың командасы жартылай финалдық тартысты өткен кездесуде «Тараз» клубының жастар құрамынан 4:3 есебімен жеңілді. Ал жарыстың бас жүлдесі үшін таласта дәл осы «Тараздың» жастар құрамы алматылық «Қайтар» футбол командасының ойыншысы Бауыржан Исламханның достарынан құралған команданы 4:2 есебімен ұтты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер