«Қайрат» - Қазақстан Кубогының иегері
«Қайрат» футзал клубы финалдық кездесуде Талдықорғандық «Жетісуды» қапы қалдырды.
ҚР Кубогының жартылай финалдық және финалдық кездесулері Талдықорған қаласында өтті. Айта кетейік, жартылай финалда алматылықтар «Аятты» 5:1 есебімен ұтқан болатын. «Жетісу» финалға барар жолда «Ақтөбеден» басым түскен.
Естеріңізге сала кетейін, финалдық матч алдында «Аят» үшінші орын үшін өткен ойында ақтөбелік қарсыластарын 3:5 есебімен қапы қалдырды.
Қазақстан Кубогы – 2016. Финал
«Жетісу» - «Қайрат» - 1:3
Голдар: Лео 8 – Диваней 10,18, Игор 13
«Жетісу» (Талдықорған): Гуров, Ермолов – Мун, Лео, Пенгрин (к), Жульерме, Ералы, Довгань, Тұрсағұлов, Смақов, Кнауб, Оразов, Дентиньо, Гребонос
«Қайрат» (Алматы): Игита, Янов – Жаманкулов, Игор, Сүлейменов (к), Эвертон, Першин, Алешандре, Дуглас, Диваней, Нұрғожин, Есенаманов
16-шы желтоқсан. Талдықорған. «Жастар»