«Pro Team Astana» 2017-жылда жанкүйер қуанта ма?

«Pro Team Astana» 2017-жылда жанкүйер қуанта ма?

Астанада бас қосқан шабандоздардың көбісі Қазақстанға тұңғыш рет келді. Жаңадан алынған 10 шабандоз ел астанасын көрді. Команданың тұсаукесері бұл жолы "Park Inn" қонақүйінде өтті. Тұсаукесер аясында команда ойыншылары Астанадағы балалар үйіне барды. Өз сыйлықтарын ұсынып, балалардың орындауындағы концертті тамашалады. 

Дәстүрлі тұсаукесерді айрықша атап өтетін велокоманда ізгі іс-шаралар өткізуді жоспарлапты. Әлемгі әйгілі италиялық Фабио Ару, даниялық Якоб Фульсанг, қазақстандық Алексей Луценко сынды спорт саңлақтары балаларға сый-сияпат ұсынып, балғындар көңілін көкке көтерді. 

Дмитрий ФОФАНОВ, "АСТАНА" ВЕЛОКОМАНДАСЫНЫҢ СПОРТТЫҚ ДИРЕКТОРЫ:
- Үнемі жарыстарда, турларда жүретін шабандоздар үшін мұндай әлеуметтік іс-шаралар пайдалы. Арасында осылай қайырымдылық жасап, жанкүйерлермен тілдескеннің еш сөккеттігі жоқ. Осындай шараларды енді жиі ұйымдастырып тұрамыз. 

29b4f405c3d9361284a52135feb0495b.jpg

Одан кейін "Астана" велокомандасының жаңа маусым тұсаукесеріне орай баспасөз мәслихаты өтті. Команданың алдағы жылы алға қойған мақсат-міндеттері - Гранд турлардың бірінде жеңіске жету. Ең алдымен Италия жеріндегі "Джирро д'Италия" жарысы. Қазақстан бұл додаға нағыз мықтыларын қосқалы отыр. Ал "Тур де Франсқа" команданың бас менеджері Александр Винакуров команда капитаны болып Якоб Фульсанг шығатынын айтты. Винченцо Нибалидің өзге командаға ауысуына байланысты биыл ұжымды тағы да 10 шабандоз толықтырды. Олардың мақсаты Милан-Сан-Ремо, Тур Фландрия және Льеж-Бастонь-Льеж турларында топ жару. Команданың 10 жылдық межесінде ұжым бюджеті 18 миллион еуроны құрады. 

АЛЕКСАНДР ВИНОКУРОВ, "АСТАНА" ВЕЛОКОМАНДАСЫНЫҢ БАС МЕНЕДЖЕРІ:
- Команданың биыл 10 жылдығы. Біз осы уақыт ішінде көптеген жарыстарда топ жардық. Тек осы жылдың өзінде 34 жарыста шабандоздарымыз жеңімпаз жейдесін киді. Команда құрылғалы бері 8 гранд турды ұтты. Биылғы мақсатымыз сол үш гранд турдың бірінде жеңіске жету.

9bbae943017bc56227a15a7e50c15d25.jpg

Ал "Вуэльта" додасында команда капитаны болып жас колумбиялық Мигел Анхел Лопес болатын шығар. Жаттығу кезінде жарақат алған шабандоз тұсаукесер үшін Астанаға келе алмады. Ал одан өзге шабандоздардың барлығы алдағы жарыстарға тас-түйін дайын. Сонымен команданың 2017 жылғы құрамы мынандай: 

Фабио Ару, Жандос Бижігитов, Пельо Бильбао, Матти Брешель, Михаэль Вальгрен, Оскар Гатто, Андрей Гривко, Дмитрий Груздев, Лауренс Де Вриз, Артем Захаров, Андрей Зейц, Арман Камышев, Дарио Катальдо, Танел Кангерт, Бахтияр Қожатаев, Мигель Анхель Лопес, Алексей Луценко, Риккардо Минали, Морено Мозер, Луис Леон Санчес, Микеле Скарпони, Никита Стальнов, Паоло Тиралонго, Руслан Тілеубаев, Даниил Фоминых, Якоб Фульсанг, Йеспер Хансен және Сергей Чернецкий.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или