Астанада Бақ-лига басталды

Астанада Бақ-лига басталды

Астанада футзалдан жаңа бір жарыстың тұсауы кесілді. Бұқаралық ақпарат құралдары арасында қысқы біріншілік басталды. Тұңғыш рет ұйымдастырылған игі сайыстың өтуіне қалалық футбол федерациясы ұйытқы болды. Әр жексенбі сайын қаламды аладопқа алмастыратын ақпарат саласының қызметкерлері шағын-футболдан бәсекеге түсіп, салауатты өмір салтын насихаттауға өзіндік үлес қосады. Сөзден іске көшкен тілшілер қауымы алғашқы тур ойындарын өткізді. 11 команда қатысып жатқан біріншілікке "Хабар" агенттігі де атсалысып, үш бірдей ұжымның жігіттерін сайысқа қосты. БАҚ-ЛИГА бәсекесі ақпан айында аяқталады.

Әзиз Жұмәділ, Астана футбол федерациясының қызметкері:<br />- Бұл жақта ешқандай бұра тартушылық бұрмалаушылық болмайды. Өйткені төрешілер кәсіпқой деңгейдегі төрешілер, халықаралық дәрежедегі төрешілер. Астана футбол федерациясы бұл біріншіліктің өте жоғары дәрежеде өтуі үшін барлық күшті салып жатыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или