«Қайрат» футзал клубына екі бразилиялық ойыншы ауысты
«Қайрат» футзал клубы УЕФА кубогы қарсаңында жаңа екі бразилиялық ойыншымен толықты.
Бұл туралы алматылық ұжымның ресми сайты хабарлады.
Екі дүркін УЕФА кубогының иегері «Қайрат» «Интеллидің» ойыншылары Дуглас да Силва (3 жылға) және Кабреувамен (1,5 жылға) ресми түрде келісімшартқа отырды.
Дуглас - футзалдан Бразилия құрамасының ойыншысы. Алматылық клубқа дейін «Интелли» мен «Коринтианстың» намысын қорғаған.
Кабреува - Бразилия чемпионатының екі дүркін жеңімпазы. «Интеллидің» бұрынғы капитаны. Ол да кезінде «Коринтианста» ойнаған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или