«Қайрат» - Төрттік финалда
Алматылық «Қайрат» УЕФА кубогының элиталық кезеңіндегі соңғы ойынында «Никарспен» кездесу өткізді.
Ойын алматылық клубтың шабуылымен басталды. Алғашқы шабуылдарда-ақ «Қайрат» бірнеше бұрыштама добын орындаған болатын. Соның бірінен кейін оныншы секундта Игор гол соқты. Ойынның үшінші, алтыншы және оныншы минутында Диваней мергендігімен танылып, доп айырмасын төртке дейін жеткізді.
Екінші таймда командалар қауіпті шабуылдар ұйымдастыра алды. Дегенмен таймның соңына дейін шабуылдар нәтиже бермеді. Тек ойынның соңында қонақтар белсенділік танытып, шабуылдардың бірінде Нето өз қақпасына гол соғып алды. Одан кейін нәтиже өзгерген жоқ. Есеп - 1:4.
УЕФА кубогы. Элиталық кезең.
«А» тобы
«Қайрат» (Қазақстан) - Никарс (Латвия)
Голдар: 10” Игор, 4', 6', 10' Диваней 35' Нето (автогол)
Ескерту:
«Қайрат»: Ронкальо (қ), Дуглас, Игор, Алешандре, Диваней.
Қосалқы құрам: Игита (қ), Упалев, Нето, Тайеби, Сүлейменов (к), Дрот, Нұрғожин, Барон, Есенаманов.
Бас бапкер: Какау
«Никарс»: Астраханцев (қ), Пастарс, Арпихов-Прокофьев, Матюшенко, Колесников
Қосалқы құрам: Шкестерс-Камбалс (қ), Алексеев, Дацко (к), Забаровский Д., Забаровский К., Вандерсон, Эвертон, Сень, Аванесов.
Бас бапкер: Орландо Дуарте
Алматы, «Алматы Арена».