Бени Симитчу: «УЕФА кубогының финалдық кезеңі Алматыда өтеді деген үміттемін»

Бени Симитчу: «УЕФА кубогының финалдық кезеңі Алматыда өтеді деген үміттемін»

«Феникстің» бас бапкері Бени Симитчу «Реал Риетимен» өткен кездесу (3:6) туралы өз пікірін айтты. 

- Италиялық команданы әділетті жеңіспен құттықтаймын. Кездесуді жақсы бастадық, бірақ кейін «Реал Риети» қателіктерімізді пайдаланып, жеңіске жетті. Біз үшін мұндай турнирге қатысу - үлкен қуаныш. Косово футзалы ақырындап дамып келеді. Бастапқы мақсатымыз алты ұпай жинау болған. Жарыс қожайындарын жеңу қиын екенін білдік, ал латвиялық пен италиялық командаға қарсы кездесуде жеңіске жетуіміз мүмкін еді. «Қайратты» Төрттік финалға өтуімен құттықтаймын және УЕФА кубогының ақтық кезеңі «Алматыда Аренада» өтеді деген үміттемін. Бұл жағдайда қайта Алматыға келуге дайынмын, - деді косоволық клубтың бас бапкері.  

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или