«Реал Риети» топтық кезеңдегі екінші жеңісіне жетті

 «Реал Риети» топтық кезеңдегі екінші жеңісіне жетті

УЕФА кубогының элиталық кезеңінде косоволық «Феникс» Италия чемионы «Реал Риетимен» кездесу өткізді. 

Алғашқы тайм бірден голдан басталды. 20-секундта косоволықтар пенальти теуіп, есепте алға шықты. Италиялықтар бірден шабуылға шығып, есепті теңестіріп кетті. Риццидің голынан кейін 5-ші минутта Дуйо командасын алға шығарды. 16-шы минутта Турмена есепті еселей түсті. 18-минутта Эффе бос қақпаға гол соғып, есеп айырмасы үш допқа дейін барды.

Екінші таймда «Реал Риети» тағы алға шықты. Бірақ косоволықтарда голға голмен жауап беріп отырды. Ойынның соңына дейін тартысты өткен матч Италия чемпиондарының пайдасына шешілді. Есеп - 3:6.

УЕФА кубогы. Элиталық кезең. 

«А» тобы. 

«Феникс» (Косово) -  «Реал Риети» (Италия) - 3:6

Голдар:  20'' Алибегу, 29' Брахими, 38' Топилла - 2' Рицци, 5'Дуйо, 16' Турмена, 18' Эффе, 27' Дуйо, 33' Дуйо

Ескерту: Брахими, Коро, Миколи.

Алматы, «Алматы Арена».

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или