Дінмұхамбет Сүлейменов: «Қайрат» УЕФА кубогына сақадай сай дайын»

Дінмұхамбет Сүлейменов: «Қайрат» УЕФА кубогына сақадай сай дайын»

«Қайрат» футзал клубының капитаны Дінмұхамбет Сүлейменов УЕФА кубогының Элиталық кезеңі туралы өз пікірін айтты.

- Алдағы жарысқа тыңғылықты дайындалудамыз. Жігіттердің көңіл-күйі жақсы, команда ішінде атмосфера керемет.

- Игитаның жарақаты командаға әсерін тигізбей ме?

- Біз қай құраммен болсақ та, УЕФА кубогының ақтық кезеңіне шығуымыз тиіс. Әрине, Игита бізге жетіспейді. Бірақ олсыз да біздің клубымыз мықты. Жалпы команда УЕФА кубогына сақадай сай дайын. 

 Естеріңізге сала кетсек, УЕФА кубогының Элиталық кезеңі қарашаның 24-і мен 27-і аралығында «Алматы Арена» спорт кешенінде өтеді. 

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или