Какау: «Басты мақсат – УЕФА кубогының Төрттік финалына шығу»
«Қайрат» футзал клубының бас бапкері Какау УЕФА кубогының Элиталық кезеңіне дайындығы жайлы айтып берді.
- Басты мақсат – УЕФА кубогының Төрттік финалына шығу. Былтырғы қатемізді қайталамай, ақтық кезеңге шығамыз деген ойдамын. Барлық жанкүйерлерімізді «Алматы Аренада» күтеміз.
- Команданың жаңа ойыншылары жайлы не айта аласыз?
- Футзалдан әлем чемпионы Нетоны сатып алдық. Жарақатынан кейін Барон командаға оралды. Сондай-ақ, жақында ғана ирандық Тайебимен толықтық. Жалпы «Қайратта» үнемі мықты футзалшылар ойнайтын. Шыңғыс Есенаманов та жарақатынан айықты. Бізге көмектесуге дайын.
- УЕФА кубогына қатысатын ойыншылар тізіміне Эвертон ілінбеді. Неліктен?
- Эвертонды тізімнен алып тастадым, себебі Упалев жаттығу жұмыстарында өзін мықты қырынан көрсетті. УЕФА кубогына қатысатын 14 ойыншыны таңдау мен үшін қиын болды.
- Игитасыз қалай ойнамақшысыз?
- Игита Жаманқұлов сияқты жарыс алдында жарақат алды, есесіне бізде Ронкальо бар. Ол да мықты қақпашы. Игита тез арада емделіп жатса, алаңға шығып қалуы мүмкін.
- Элиталық кезеңнің бірінші матчында-ақ Италия чемпионымен кездеседі екенсіз...
- Топтық кезеңнің соңғы матчында «Реал Риетимен» кездесер едім, бірақ Италия чемпионы бұған дейін УЕФА кубогында ойнамаған. Сондықтан, олармен бірінші турда ойнаймыз. Бірақ, италиялық ұжым топтағы қалған екі командадан мықты деп айтпас едім. «Феникс» пен «Никарс» - өте мықты клубтар. Қазір футзалда осал командалар жоқ.
Естеріңізге сала кетсек, УЕФА кубогының Элиталық кезеңі қарашаның 24-і мен 27-і аралығында «Алматы Арена» спорт кешенінде өтеді.