Қайрат Оразбеков: «УЕФА кубогының финалдық кезеңі Алматыда өтуі мүмкін»

Қайрат Оразбеков: «УЕФА кубогының финалдық кезеңі Алматыда өтуі мүмкін»

«Қайрат» футзал клубының президенті Қайрат Оразбеков УЕФА кубогының Элиталық кезеңіне қатысты өз ойын білдірді.

- Қазақстанда футбол маусымы аяқталып, футзал маусымы бастауын алмақ. Жаңа футзал маусымын УЕФА кубогының Элиталық кезеңінен бастайық деп тұрмыз. Бұл турнирдің Алматыда өтуі – біз үшін жақсы жаңалық.

- «Қайрат» УЕФА кубогының Төрттік финалына шықса, бұл жарысты қабылдауы мүмкін бе?

- «Алматы Аренаның» залы өте керемет. Егерде Элиталық кезеңді жоғары деңгейді өткізіп жатсақ, Төрттік финалды қабылдауымыз әбден мүмкін. Бірақ ол үшін алдымен ақтық кезеңге өтіп алайық. Сондай-ақ, біз футзалдан Әлем чемпионатын қабылдау үшін мәлімдеме жібердік.

- Футзалдан Қазақстан чемпионатының деңгейін жоғарлату үшін не істеуіміз қажет?

- Бұл біздің басты мәселеміз. Қазақстан футбол Федерациясы бұл тұрғыда үлкен жұмыстар атқаруда. «Қайрат» болса өз қолынан бар келгенін жасауда. ҚФФ Исполкомы әр Премьер-лиганың клубына футзал командасын жасауға мәжбүрлесе, онда біздің біріншілігіміз Еуропадағы ең мықты чемпионаттардың бірі болады. Қазірдің өзінде «Ақтөбе» мен «Жетісудың» футзал командалары бар.

Естеріңізге сала кетсек, УЕФА кубогының Элиталық кезеңі қарашаның 24-і мен 27-і аралығында «Алматы Арена» спорт кешенінде өтеді.  

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или