«Қайрат» «Сталицадан» басым түсті

«Қайрат» «Сталицадан» басым түсті

Алматылық «Қайрат» футзал клубы Белорусьтің «Сталица» командасына қарсы екінші жолдастық кездесуін өткізді.

Алғашқы ойында Какау ұжымы 8:2 есебімен жеңіске жеткен болатын.

Бұл жолы қонақтар алаң иелерінің қарқынына дайын болды. Тіпті, ойынның есебін белорусьтік команда ашты. 16-минутта «Сталица» қарымта шабуылды сәтті пайдаланды. Таймның аяғында ғана алматылықтар Алешандренің арқасында есепті теңестіре алды.

Екінші таймда белорусьтік ұжым тағы да алға шықты. «Қайрат» шабуылда ойнағанымен, олар Игитаның бір қателігін пайдаланып кетті - 2:1. Қазақстандық команда Нетоның алыстан бағыттаған жойқын соққысының арқасында таразы басын теңестірді. Ал 31-минутта Игор «Қайратты» алға шығарды. Үш минуттан соң Эвертон есепті ұлғайтты - 4:2. Артынша командалар бір-бір голдан соғып шықты, «Қайрат» сапынан Дуглас мергендік танытты. Қорытынды есеп - 5:2.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или