Диваней: «Қайратпен» бірген УЕФА кубогының Төрттік финалына шыққым келеді»

«Қайрат» футзал клубының ойыншысы Диваней жаңа маусымға дайындығы жайлы айтып берді.

— «Қайраттың» оқу-жаттығу жиыны қалай өтуде?

— Ойындар тек қазан айында басталатынын ескерсек, ОЖЖ өте ауыр өтуде. Бірақ біз кәсіпқой спортшылармыз, жаттығуларда аянбай тер төгудеміз.

— Әлем чемпионатының фавориті кім деп ойлайсыз?

— Мундиальда әлемнің ең мықты құрамалары жиналған. Менің ойымша, Испания, Бразилия мен Италия – басты фавориттер. Сондай-ақ, бұл тізімге Ресей құрамасын қосуға болады.

— Жаңа маусымға өз алдына қандай мақсат қойдыңыз?

— «Қайратпен» бірге УЕФА кубогының Төрттік финалына шыққым келеді. Бір жылғы бұрын нәтижемізді қайталасақ жақсы болар еді.

— «Қайратқа» жаңа ойыншылар келді. Бәсекелестіктен қорықпайсыз ба?

— Жоқ. Жаңа ойыншыларға тек қош келдіңіздер деп айтамын. Бәсекелестіктен қорықпаймын. Мен үшін ең бастысы – команданың жеңісі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или