"Вуэльтада" бүгін 11-кезең

"Вуэльтада" бүгін 11-кезең

Бұл сайыс велоспорт өнеріндегі жыл сайын болатын 3 ірі доданың бірі екендігін ескерте кетейік. Жылды қорытындылайтын осы жарысқа қазақстандық "Астана" кәсіпқой командасы да қатысып жатыр. Биылғы бәсекеде отандастарымыздың жағдайы керемет деп айта алмаспыз. Дегенмен, Микеле Скарпони бастаған жігіттер басты классификацияда алғашқы ондық қатарында келеді. Бұл әрине "Астана Про Тим" күткен нәтиже емес. Алайда, осы жылғы ойыншылар құрамы да әлсіз болып отыр. Менеджерлер көбінесе жастаға сенім артып, оларды бір сынап алғанды жөн санауда.

Себебі, біздің команданың көптеген шабандоздары Олимпиада ойындарында өнер көрсетті. Винченцо Нибали мен Фабио Арудың Италия үшін Рио Олимпиадасының медальдарын еншілеу үшін небірі 3 қана шақырым жетпей қалғанын білесіздер. Жарыс аяқталуға сынық сүйем қалғанда италиялық капитан бұрылыста тайып жығылған болатын. Тағы бір астаналық шабандоз Якоб Фульсанг сол кезде күміс жүлдегер атанып, Дания үшін маңызды медаль алды. Өзге де шабандоздар өз мемлекеттері үшін жан берісіп өнер көрсетті де бірден басталып кеткен Вуэльтаға дайын болмай шықты. Сондықтан да бапкерлер бұл жолы Колумбиялық жас шабандоз Луис Леон Санчес пен Микеле Скарпонилерге сенім артты. Бұл екі шабандоздың екеуі де Олимпиадаға қатыспады. Өйткені, Италия мен Колумбияда бұлардан мықты әрі атақты шабандоздар жетіп артылды.

Кеше бұл жарыста демалыс күні болды. Бүгін қайта жалғасатын үлкен өрмектің 11-кезеңі жоспарланып тұр. 168 шақырымға созылатын аламан бәйге Астурия мұражайы мен Пенья Кабарга деп аталатын елді мекендердің арасында өтетін болады. Астурия мұражайы деп аталатын сөре сызығы ерте дәуірдегі динозаврлардың кескіндері бейнеленген әлемдегі ең қымбат мұражайдан басталғалы тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или