Қазақстан - Таиландтағы турнирдің жеңімпазы

Қазақстан - Таиландтағы турнирдің жеңімпазы

Бангкокта төрт құраманың қатысуымен халықаралық турнир аяқталды. Бес ұпай жинаған Қазақстан құрамасы турнирдің жеңімпазы атанды.

Бұған дейін Қазақстан мен Таиланд бір мәрте ғана кездескен. 2000 жылы 7 мамырда Бангкокта Қасымжан Мәдиевтің шәкірттері Таиландты 4:3 есебімен жеңген болатын. Екінші ойын араға 16 жыл салып тағы да сол Бангкокта өтті.

Ойынның тіркеуіне Антон Рындин мен Илья Мун енбеді. Алдыңғы матчтар секілді мұнда да алғашқы бестік өзгерген жоқ. Қақпада Игита, алаңда Дуглас, Лео, Эвертон мен Дәурен Нұрғожин. 6-минутта алғашқы гол соғылды. Допты қабылдап алған Дуглас дәл соққы бағыттады. Артынша қазақстандықтар біраз уақыт бойы допты ұстап, Игитаны шабуылға жиі араластырып тұрды. 11-минутта Игита қарсыластың жарты алаңында допты жоғалтып алып, нәтижесінде қарсыласты құлатып тастады да, алаңнан қуылды. Қарсыласы бір ойыншыға азайған соң тай футзалшылары есепті жылдам теңестіріп тастады.

Бірінші таймның аяғы нәтижелі өтті. Алдымен Дуглас матчтағы екінші, турнирдегі бесінші голын соқса, артынша Павел Таку қанжығасын майлады. Бірақ қазақстандықтар екі гол басымдығын ұстап тұра алмады. Таиландтық құраманың көшбасшысы Супхавут Туенкланг айып соққысынан дәл соққы жасап, турнирдегі бесінші голын соқты. Екінші таймда қазақстандықтар турнир қожайындарынан тағы бір гол жіберіп алды - 3:3.

Өкінішке қарай, бұл матчта Дінмұхамбет Сүлейменов пен Григорий Шомро жарақат алып қалды.

Енді әлем чемпионаты басталғанша Қазақстан құрамасы бір жолдастық кездесу өткізеді. 5 қыркүйекте колумбиялық Букараманга қаласында Аустралия құрамасымен күш сынасады.

Таиланд – Қазақстан 3:3 (2:3)

Голдар: Дуглас 6 (0:1), Мадялан 11 (1:1), Дуглас 17 (1:2), Таку 18 (1:3), Туеанкланг 19 (2:3), Мадялян 40 (3:3)

Ескертулер: Туеанкланг 39 – Першин 39

Алаңнан қуылды: Игита 11 (дөрекі ойын)

Таиланд: Фупун, Ханкампа – Тайжароен, Суттирой, Лакка, Иссарасувипакорн, Сорнвичян, Вонгкаео (к), Чудеч, Туеанкланг, Мадялан, Чаемчароен, Петчтиам, Срисубсеанг

Қазақстан: Игита, Шамро – Лео, Нұрғожин, Дуглас, Эвертон, Кнауб, Гребонос, Жаманқұлов, Пенгрин, Сүлейменов (к), Довгань, Першин, Таку

Төрешілер: Майкет, Камавити (екеуі де – Таиланд)

23 тамыз. Бангкок. "Бангкок Арена". 11 000 көрермен.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или