Қазақстан құрамасы Таиландтағы турнирде топ жарды

Қазақстан құрамасы Таиландтағы турнирде топ жарды

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы Таиландта өткен халықаралық турнирде жеңіске жетті.

Банкгогта өткен жарыста Таиланд, Иран, Жапония мен Қазақстан футзал құрамалары бақ сынасқан. Бірінші ойында біздің футзалшылар Азиядағы ең мықты құрамалардың бірі саналатын Иранмен тең түсті - 3:3. Ал екінші кездесуінде жапондарды 9:0 есебімен тас-талқан етті. Кейін турнир қожайындарымен кездескен. Бұл ойында таблода 3:3 есебі тіркелді.

Осылайша, Қазақстан мен Таиланд үш ойынның қорытындысы бойынша 5 ұпайдан жинады. Бірақ доп айырмасы бойынша отандастарымыз әлдеқайда алда болды. Өкінішке қарай, ұлттық құрама капитаны Дінмұхамед Сүлейменов пен қақпашы Дмитрий Шамро жарақат алып қалды. Олардың жарақатынан қашан айығатыны әзірше белгісіз.

Бұл Қазақстан құрамасының алдағы әлем чемпионатына дайындығы аясында болған турнир еді.

Айта кетейік, футзалдан әлем чемпионаты 10 қыркүйек пен 2 қазан аралығында Колумбияда өтеді. Қазақстандық футзалшылар топтық кезеңде Аргентина, Коста-Рика мен Соломон аралдары құрамаларымен кездеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или