Какау: «Бразилия, Испания, Қазақстан - әлем чемпионатының фавориттері»

Футзалдан әлем чемпионатына дайындық өткізіп жатқан Қазақстан құрамасы Өзбекстанмен екі жолдастық матч өткізуді дұрыс деп шешті. Матч алдында бас бапкер Какау мен футзал Федерациясының президенті Лев Ким журналистердің сұрақтарына жауап берді.

- Өткен маусымда жанкүйерлер керемет көмек көрсетті. Қазақстан құрамасы халықаралық аренада өзін сыйлата бастады. Әлем чемпионатына басқа бет әлпетпен бара жатырмыз. Себебі біз Еуропаның қола жүлдегеріміз. Дегемен, бұл жетістікке масаттанбаймыз. Мундиальда лайықты өнер көрсеткіміз келеді. Бразилиядағы журналистердің аузынан естіп қалдым, олар Бразилия, Испания мен Қазақстанды фаворит деп санайды. Біздің бірінші ойынымыз Аргентинаға қарсы өтеді. Костарика да осал емес. Себебі олардың қарымта шабуылдары жақсы. Саламон аралдары ғана әлсіздеу, сонда да қауіп төндіреді. Плей-офф кезеңіне шығу үшін Аргентинаны жеңуіміз керек.

- Есенаманов жарақатынан әлі айыққан жоқ. Әлем чемпионатына дайын бола ма?

- Қиын сұрақ. Бірақ меніңше, Есенаманов дайын болады. Өзі жарыстың маңыздылығын жақсы түсініп отыр. Оған барлық жағдай жасалды. Өзінің ерік жігеріне ғана байланысты бәрі. Бізде екі нұсқа бар: топтық ойындарға қатыспай, ең маңызды ойындарға дайындалады. Немесе бірден іске кіріседі. Бір емделу уақытына байланысты. Турист ретінде бармайтыны анық. Жуырда өзінен де анықтап сұраймын. Барамын десе алып кетем, өзіне сенімді болмаса басқа ойыншы табылады. Өз басым Есенамановтың әлем чемпионатына барғанын қалаймын.

Лев КИМ, футзал Федерациясының басшысы:

- Тайландта дайындық ретінде үш ойын өткіземіз. Иран, Жапония және Тайланд - Азияның «алыптары». Әлем чемпионаты алдында жақсы қарсыластарды таңдадық.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или