ҚХЛ-ға лондондық клуб қатысуы мүмкін

Құрлықтық хоккей лигасы өз географиясын Ұлыбританияға дейін созуы ықтимал.

«ҚХЛ-ға лондондық клуб қатысуы мүмкін, бұған британиялық федерация рұқсат берді. Бірақ нақты ештеңе жоқ», - деді ҚХЛ вице-президенті Георгий Кобылянский.

Естеріңізге сала кетсек, 2016/17 жылғы маусымнан бастап ҚХЛ-ға қытайлық клуб қатысады. Сондай-ақ, Лига президенті Дмитрий Чернышенко аталмыш біріншілікке Дрезден, Лондон және тағы да басқа қалалардан хоккей клубтары қатысуы мүмкін екенін айтқан.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или