Кари Сихвонен Қазақстанға оралды

Финляндиялық хоккейші Кари Сихвонен Қазақстан чемпионатына қайта оралды, деп хабарлайды «Шайба.kz».

Шабуылшы қарағандылық «Сарыарқамен» екіжылдық келісімшартқа отырды.

Былтырғы маусымды 33-жастағы Сихвонен швециялық «Тингсрид АИФ» командасында өткізген болатын.

Айта кетер жайт, финляндиялық шабуылшы бұған дейін қазақстандық «Бейбарыс», «Ертіс» пен «Арыстанда» өнер көрсеткен.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или