Андрей Назаров: «Барысты» хоккей революциясы күтіп тұр»

«Барыс» хоккей клубының бас бапкері Андрей Назаров команда сапынан жастарға, кем дегенде, бес орын беруге әзір.

Baq.kz ақпараттық порталының хабарлауынша, Қазақстан федерациясы атқарушы комитеті 42 жасар ресейлік маманды «Барыстың» бас бапкері қызметінде қалдыру туралы шешім шығарған болатын. Ал федерация басшысы Асқар Мамин қорықпай, жас ойыншыларды көптеп тартуға тапсырма берді. Андрей Назаров осы тапсырманың үдесінен шығамын деп, жас хоккейшілер үшін, кем дегенде, бес орын беруге әзір отыр.

«Маусымның 25-сі күні «Барысты» хоккей революциясы күтіп тұр. Клуб тарихында алғаш рет Астанада жас хоккейшілер үшін арнайы лагерь ашылады. Сондықтан оларға жақсылап дем алып, маусымның 25-сі күні барын салуға кеңес беремін. Вакансиялар көп болады. Минимум – бесеу. Әркім өз мүмкіндігін дұрыс пайдаланады деп сенемін», - деді А.Назаров Russia-Hockey.ru сайтына берген сұхбатында.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или