Асқар Мамин «Барыстың» сәтсіз өнер көрсетуінің себебін түсіндірді

Қазақстан федерациясының атқарушы комитетінің отырысында ұйым басшысы Асқар Мамин құрамаға жастарды көптеп тартуға тапсырма берді, деп хабарлады Baq.kz.

«Қазіргі кезде ұлттық құрамада ұрпақ алмасуы жүріп жатыр. Біз «Барысқа» жас ойыншыларды тартуға тырыстық. Дегенмен, тәжірибе қажет. Бірден Құрлықтық хоккей лигасының деңгейіне шығу мүмкін емес. Ол үшін уақыт қажет. Кей кезде оған бір маусымнан артық уақыт кетіп жатады. Бүгінде біз ұрпақтар алмасу кезеңінде тұрмыз. Ондайда үлкен ойыншылар бұрыңғыдай өнер көрсете алмаса, жастар сол деңгейге жете алмай отырады. Осындай алшақтық бар. Бір маусым ба, одан көп пе, біз осы меселеге тап боламыз. Оны неғұрлым ертерек шешсек, соғұрлым мықты ұжымды тезірек жасақтай аламыз», - деді Мамин атқарушы комитеттің отырысында.

Айта кетейік, комитет отырысында ресейлік маман Андрей Назаровты «Барыстың» бас бапкері қызметінде қалдыру туралы шешім қабылданды. Аталған қызметпен қатар ол Қазақстан құрамасын басқаратын болады.

Федерация президенті А.Мамин оған жастарды көптеп тартуға тапсырма берді. «Жастарға сену керек. Осымен жақсылап тұрып айналысу қажет. Қорықпау қажет! Хоккей федерациясы құрамаға жастарды көптеп тартуды нақты міндет етіп отыр», - деп атап көрсетті А.Мамин.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или