«Барыс» хоккейшілерінің намысы жоқ! – зиялы қауым өкілдері
<p style="margin-bottom: 0cm; text-align: justify;">
<font size="4">Мәдениет және спорт министрлігінде өткен қоғамдық кеңестің отырысында мемлекет және қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбеков астаналық «Барыс» командасын сынға алды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.</font></p>
<p style="margin-bottom: 0cm; text-align: justify;">
<font size="4">«Қазіргі кезде елімізде неше түрдлі стадиондар мен спорт сарайлары салынып жатыр. «Барыс» командасы үшін арнайы мұз аренасы салынды. Мен өзім оны жақсы көруші едім. Соңғы кезде иттің етінен жек көріп кеттім. Намыс жоқ! Ешқандай патриоттық сезімі жоқ! Құдайға тәубе, Серіктер (Сәпиев – авт.) халқымыздан шықты ғой. Соларды алып келейік. Жақсылық ағаларың (Үшкемпіров - авт) қайдан шықты? Өзіміздің ауылдан шығып, халықтың, ұлттың мерейін өсірді. Бізде бокс, күрес, зілтемір көтеру жағынан елден ұялмайтын үлкен табыстарымыз бар. Ал аналарды (хоккейдегі шет елдің азаматтарын – авт.) көп тайраңдатпау қажет. Әнеукүні ғаламторда бір азамат жазды, қайдан бұлар орынға таласады, намыс жоқ оларда, себебі өзге елдің азаматтары. Ішінде Ресей, Канада, Америка азаматтары бар. Соларды жақсы көруші едім, кеше иттің етінен жек көріп кеттім. Жігерсіз...білмеймін, бір мас...бір дәрімен улаған адам сияқты болып кетті», - дейді М.Жолдасбеков. Оның айтуынша, ол шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасының ойындарын қалт жібермей, түнімен ұйықтамай шығады. </font></p>
<p style="margin-bottom: 0cm; text-align: justify;">
<font size="4">Айта кетейік, Мәскеу мен Санкт-Петерборда өтіп жатқан шайбалы хоккейден Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы өз тобында бір-ақ рет жеңіп, қалған ойындарда ұтылған болатын. Сөйтіп, қайтадан элиталық девизионнан ұшып кетті. Құрамадағы хоккейшілердің басым бөлігі – «Барыстың» ойыншылары.</font></p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или