Қазақстан құрамасы қатарынан алтыншы матчта жеңіліп қалды

Қазақстан құрамасы қатарынан алтыншы матчта жеңіліп қалды

Хоккейден Қазақстан құрамасы Мәскеуде өтіп жатқан әлем чемпионатында қатарынан алтыншы кездесуде жеңіліп қалды.

Даниялық хоккейшілер бірінші кезеңде-ақ Павел Полуэктов қақпасына жауапсыз үш шайба тоғытты. Алдымен, 8-минутта Маркус Лауридсен көзге түссе, 16-минутта Янник Хансен есепті еселеді. Араға бір минут салып, Никлас Йенсен есепті 3:0-ге жеткізді.

Екінші кезеңнің басында қазақстандықтар Найджел Доустың көмегімен есеп айырмасын қысқартқанымен, 29-минутта Николас Элерс өз командасының төртінші шайбасын соқты. Қорытынды есеп – 4:1, Қазақстан құрамасы қатарынан алтыншы кездесуде жеңіліп қалды.

Осылайша, Андрей Назаров шәкірттері А тобында соңғы орын алып, В дивизионына түсіп қалды.

Дания 4:1 Қазақстан

Шайбалар:

Маркус Лауридсен (Эллер, Хансен) – 1:0 (08:56)

Янник Хансен (Шторм) – 2:0 (16:46)

Никлас Йенсен (Шторм) – 3:0 (17:50)

Найджел Доус (Боченски, Липин) – 3:1 (23:57)

Николай Элерс (Лауридсен) – 4:1 (29:53)

Соққылар: 36:19

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или