Александр Кожевников: «Қазақстан өзінің хоккей құрамасына алғыс айтуы керек»

Екі дүркін Олимпиада чемпионы, хоккей маманы Александр Кожевников Қазақстан құрамасының әлем чемпионатындағы ойыны туралы пікірімен бөлісті.

«Мәскеулік көрермендерге Қазақстан командасы ұнады, оларға қолдау көрсетті, трибуналарда көп туларын көрдім. Оларға сіздер де, журналистер де көп көңіл бөлдіңіздер. Мен бұрын естімеген хоккейшілердің бірнеше сұхбаттарын оқыдым. Сондықтан, менің ойымша, Қазақстан өзінің хоккей құрамасына алғыс айтуы керек.

Қанша дегенмен, қазақстандықтар басқа да командалық спорт түрлерінен дамымай тұр, футболдан, волейболдан, баскетболдан мысалы. Олар осындай әлемдік жарыстарға шығуды мақсат етпейді де. Ал бұл тұрғыдан алғанда хоккейшілері бір деңгейді ұстап тұр. Мемлекетке осыны бағалау керек», - деді Кожевников.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или