Қазақстан құрамасы чехиялықтардан жеңіліп қалды

Хоккейден Ресейде өтіп жатқан әлем чемпионатының бесінші матчында Қазақстан құрамасы чехиялық қарсыластарына жол берді.

Қазақстан құрамасы бұған дейін өткен төрт кездесудің біреуінде буллит сериясында жеңіске жетіп, қалған төртеуінде жеңіліп қалған болатын. Ал чехиялық әзірше ұпайдан шашау шығарар емес. Владимир Вуйтек шәкірттері төрт матчтың төртеуінде де жеңіске жеткен. Сондықтан, бұл ойынның фавориті айдан анық еді.

7-минутта чехтар есепте алға шықты. Дэвид Пастернактың соққысын біздің қақпашы Виталий Колесник кері қайтарғанымен, Томаш Плеканец жасаған соққыда шарасыз қалды.

Бұл голдан кейін номиналды айдын иелері шабулыдарын жалғастыра берді. Бірақ жанкүйерлер ұзақ уақыт бойы екінші шайбаны көре алмады. Нәтижесінде тоблодағы көрсеткіш үшінші кезеңде ғана өзгерді. 43-минутта Плеканец дубль авторы атанды.

56-минутта қазақстандық ұжым Найджел Доустың көмегімен таразы басын теңестіре алды. Қазақстан құрамасы қалған уақытта таразы басын теңестіргісі келген, бірақ үш минуттан соң чехтар үшінші голдарын соқты. Қазақстанның бос қалған қақпасын Роберт Коусал дәл көздеді. Қорытынды есеп – 4:1, Чехияның кезекті жеңісі.

Чехия 3:1 Қазақстан

Шайбалар:

Томаш Плеканец (Пастерняк, Червенка) – 1:0 (06:55)

Томаш Плеканец (Пастерняк) – 2:0 (42:51)

Найджел Доус (Бойд, Трясунов) – 2:1 (55:30)

Роберт Коусал (Бирнер, Репик) - 3:1 (58:58)

Соққылар: 29:16

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или