Хоккейден ӘЧ. Қазақстан құрамасы Норвегияға есе жіберді

Ресейде өтіп жатқан хоккейден әлем чемпионатының топтық кезеңінде Қазақстан құрамасы Норвегия командасымен кездесті.

Тартысты өрбіген кездесу норвегиялық хоккейшілердің пайдасына шешілді. Алдымен, матчтың төртінші минутында норвегиялық Йоханнес Йоханнессен таблода есеп ашты. Араға үш минут салып, Қазақстан құрамасының шабуылшысы Найджел Доус таразы басын теңестірді.

Екінші кезеңде Норвегия құрамасы есепте қайта алға шықты – гол соққан Кен Олимба. Бірақ бірден қазақстандықтар Найджел Доустың көмегімен есепті теңестіре алды – 2:2. Көп ұзамастан, норвегиялық хоккейші Матис Олимба дубльдің авторы атанып, өз командасын есепте қайта алға шығарды.

Қазақстан құрамасы есепте теңестіруге ұмтылған. Бірақ бұдан ештеңе шықпады. Ойынның аяқталуына екі минут қалғанда Матс Цуккарелло нәтижені қорытындылады – 4:2.

Осылайша, Андрей Назаровтың командасы екі ұпаймен өз тобында 7-ші орында жайғасты.

Хоккейден ӘЧ-2016. Топтық кезең

Қазақстан-Норвегия – 2:4 (1:1, 1:2, 0:1)

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или