Дамир Рыспаев: «Қазақтар – хоккейдегі «Лестер» болады!»

Қазақ хоккейінің «тафгайы» - Дамир Рыспаев әлем біріншілігі алдында Ұлттық құраманың алдына қойған мақсаттары жайлы, «Лестер» футбол клубының жолын қайталауға тырысатынын және де оған төбелесуге тыйым салынған-салынбағандығы туралы айтып берді.

Сұхбат алдында Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері Андрей Назаров жас хоккейші Дамир Рыспаевты Ресейге қарсы кездесуге капитан ететінін айтып қалжыңдады.

- Егер мені Ресейге қарсы кездесуде капитан етіп сайласа, қуана қуана бұл шешімді құп көремін, - деп бастады сөзін Рыспаев.

- Әлем чемпионатында қақтығыстар, төбелестерге қатаң қарайды. Төбелесуге тыйым салынғандықтан, жазасы да ауыр болды. Сіздің мақсатыңыз қандай?

- Күштің арқасында қарсыластарымның шамына тиемін. Тек қана төбелеске емес, күшпен итеруге, күшті дұрыс пайдалана білуге де дайындалдым. Өзімді көрсетуге қаншалықты уақыт беретінін алда көре жатармыз.

- Мұзайдынға бірде-бір рет шықпасаңыз ше?

- Бәрін өз қалпында қабылдаймын. Мен осы сәуір айында ғана 21 жасқа толдым. Сәтсіздіктерге басымды ауыртпаймын. Ойынға қатыса алмасам, дайындығымның нашар екендігінің көрсеткіші болмақ.

- Биылғы маусымды қалай бағалайсыз?

- Андрей Назаровпен бірге ҚХЛ-дағы екінші маусымды бірге өткізіп жатырмын. Бәрі ұнайды. Тек алаңға көбірек шықсам деген тілек бар. Қалған жағын дамып жатырмын.

- Әлем біріншілігі ұнап жатыр ма?

- Топ-дивизионға алғаш рет қатысқалы отырмын. Жарыстағы ең жас ойыншылардың бірімін. Мәскеуде өтіп жатқанына қуаныштымын. Өйткені, Қазақстан мен Ресейдің арасында ешқашан «шекара» болған емес. Өзіміздің үйімізде өнер көрсетіп жатқандаймыз!

Бәрі тамаша, жоғары деңгейде. Маған ұнады!

- Қазақстан үшін басты мақсат элиталық топтан шығып қалмау ма?

- Шынайы тұрғыдан қарайтын болсақ, иә. Әйтпесе, ұшып кетіп, біресе қайта ораламыз. Топ-дивизионда орнымызды сақтап қалғымыз келеді.

- Англия чемпионы атанған «Лестердің» жолын қайталағыңыз келме ме?

- Дәл солай! Біздің арман осы. Бұл клубқа 5000 адамның біреуі ғана сенген болар. Неге Қазақстанға хоккейдегі «Лестер» болмасқа?

- Дания ширек финалға шыққан болатын, Норвегия...

- Біздің қай жеріміз кем? Айтпақшы, букмекерлік кеңселер Қазақстанға қанша беріп жатыр?

- Ақша тікпексіз бе?

- Букмекерлермен байланысым жоқ. Бірақ, бізді Венгриямен бір деңгейге қойыпты деп естідім. Бәрінен төмен деп санапты. Әрине, көңілге тиеді, бірақ, бір жағынан қосымша күш береді. Бұдан да биік нәтижеге жете алатынымызды дәлелдегіміз келеді.

- Ұлттық құраманы Бойд, Доус, Боченски – америкалық үштігі қаншалықты күшейтпек?

- Бұлар біздің жергілікті хоккейшілер. Құрамаға кімді аламыз деп біраз іздестірген болатын. «Барыста» жақсы ойнайтын жігіттер. Олардан қалайша теріс айналамыз?

Алайда оларға аса үлкен үміт артпаймыз. Сенімнің жоқтығынан емес, үш хоккейшімен әлем чемпионатын жеңе алмайсын. Ол үшін бүкіл құрама еңбектену қажет. Барлық хоккейшілердің қолдауы керек. Жарысқа жақсы көңіл-күймен дайындалу үстіндеміз.

- Қорғаушы Кевин Даллмэн жарақатына байланысты әлем чемпионатына қатыса алмайды ма?

- Шынымды айтсам, білмеймін. Бұл құрама басшылығына қойылатын сұрақ болса керек. Ол әзірге Мәскеуге ұшып келген жоқ.

- Бокс грушасымен ұрып дайындалдыңыз ба? Бұған қаншалықты уақыт бөлесіз?

- Соңғы уақытта, ҚХЛ-дың плей-офф кезеңіне өте алмағандықтан әлем біріншілігіне дайындалған болатынбыз. Бокс грушасымен дайындалған емеспін. Уақтымның басым бөлігін мұзайдында өткіздім. Егер мұнда ойнауға мүмкіндік берсе, бар күшімді салуға дайынмын.

Ал төбелесе алатынымды баяғыда-ақ дәлелдеп қойғанмын. Кіммен болсын, қашан болсын, әрқашан дайынмын.

- Ресей құрамасына қарсы ойында төбелеспеу туралы ескерту жасады ма?

- Келгеніміз енді ғана. Сол себепті маған әзірге ешкім ештеңе деп айтқан жоқ. Негізі, менде ол «орыс» екен деген түсінік жоқ. Тек қарсылас деп қана қараймын. Егер де Ресей құрамасы күшпен біздің хоккейшілерді қорқытса, мен бірден көмекке келемін, қарап отырмаймын!

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или