Кевин Даллмэн әлем чемпионатына қатыспауы мүмкін

Хоккейден Қазақстан құрамасы мен «Барыстың» қорғаушысы Кевин Даллмэн Мәскеуде өтетін әлем чемпионатына қатыспауы ықтимал.

Бұл туралы russia-hockey.ru сайтына Ұлттық құрамамыздың бас бапкері Андрей Назаров айтты.

- Кевин Даллмэннің Мәскеудегі әлем чемпионатына қатысуы мүмкін бе?

- Франциямен өткен ойында Даллмэн командада болмады. Өкінішке қарай, ол әлем чемпионатына қатыспайтын шығар. Бірақ әлі де үміт бар, - деді Андрей Викторұлы.

Естеріңізге сала кетсек, 35-жастағы қорғаушы әлем чемпионаты қарсаңында отбасы жағдайына байланысты Канадаға ұшып кетті. Биылғы маусымда Кевин ҚХЛ-дің 60 кездесуінде 40 ұпай (8+32) жинаған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или